"Эрен-9 Казан-Хан Жайлауы" операциясы басталды

"Эрен" операциялары халықтың қолдауымен сенімді және табанды түрде жалғасуда.

1580682
"Эрен-9 Казан-Хан Жайлауы" операциясы басталды

Хаккариде 2218 қызметкердің қатысуымен "Эрен-9 Казан-Хан Жайлауы" операциясы басталды. 

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда бөлшектеуші террор ұйымын түбегейлі түрде елден шығару және аймақта ойран салған террористтерді  залалсыздандыру мақсатымен  жаңа бір операция басталды.

Операцияға Жандармерия қолбасшылығына қарасты жасақтар, жандармерия арнайы күштері, полиция арнайы жасақтары және қауіпсіздік қорғаушыларынан құралған 2218 қызметкер қатысуда.

Мәлімдемеде "Эрен" операцияларының халықтың қолдауымен сенімді және табанды түрде жалғасқаны білдірілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар