Түркия мен Грузия дипломатиялық қатынастарына 100 жыл

Стратегиялық серіктестік тереңдей түседі.

1579731
Түркия мен Грузия дипломатиялық қатынастарына 100 жыл

Грузия Түркиямен стратегиялық серіктестіктің достық және жақсы көршілік рухымен тереңдегенін білдірді.

Түркия мен Грузия арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың 100 жылдығына байланысты Грузия Сыртқы істер министрлігі жазбаша хабарлама жариялады.  Осыдан 100 жыл бұрын 1921 жылы 8 ақпан күні Грузия Демократиялық Республикасы атынан елші Симон Мдивани Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Кемал Ататүрікке сенім хатын ұсынды.
Хабарламада осы грузин елшісінің Ататүрікке сенім хатын ұсынған тұңғыш шетелдік дипломат екені атап көрсетілді. Грузия тәуелсіздігін қайтадан алған 1990 жылдардан бері екі ел арасындағы қатынастарда жаңа дәуір бастау алды.
Хабарламада «Грузия мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестік достық және жақсы көршілік рухымен тереңдей түседі.  Түркия Республикасы Грузияның территория тұтастығы,  егемендігі және Еуропа-Антлант мақсатының мықты қолдаушысы» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар