Мәжіліс төрағасы Мұстафа Шентоп Албанияға барды

Шентоп  Албанияның астанасы Тиранада Албания президенті Илир Мета және премьер-министр Эди Рамамен кездесті.

1577686
Мәжіліс төрағасы Мұстафа  Шентоп Албанияға барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп ресми сапармен Албанияға барды. 

Мұстафа Шентоп  Албанияның астанасы Тиранада Албания президенті Илир Мета және премьер-министр Эди Рамамен кездесті. 

Албания Президенттік аппаратынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда президент Илир Мета екі ел арасындағы қарым-қатынастарын  одан ары дамыту керектігін білдіріп, түрік инвестицияларының Албанияда артқанын атап өтті. 
Президент Мета "Екі НАТО одақтасының ынтымақтастық тәжірибесі мол. Албания мен Түркия арасындағы стратегиялық ортақтық, қауіпсіз және бейбітшілік үшін өте маңызды" деген сөздер қолданды. 
Мәжіліс төрағасы Шентоп Албаниядағы жаңалықтарды және Еуропа Одағы мүшелік процесі аясында жүзеге асырылған кең көлемді реформа жұмыстарын қадағалап отырғанын білдіріп, Түркияның Албанияның Еуроодақ мүшелігін жалғасты қолдайтынын түсіндірді. 
Мәжіліс төрағасы Шентоп Балканның және әсіресе бауырлас Албанияның тұрақтылығының түрік сыртқы саясатының басты тақырыбы екенін түсіндірді. Шектоп 509 миллион долларлық сауда көлемімен Түркияның Албанияның ең үлкен төртінші сауда ортағы болғанына назар аударды. 

 



Ұқсас жаңалықтар