"Эрен-7 Мерджан-Мунзур" операциясы басталды

Тунджелиде 1062 қауіпсіздік қызметкердің қатысуымен "Эрен-7 Мерджан-Мунзур" операциясы басталды.

1577913
"Эрен-7 Мерджан-Мунзур" операциясы басталды

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK-ны түбегейлі түрде елден шығару және аймақта ойран салған террористтерді  залалсыздандыру мақсатымен 11 қаңтарда басталған "Эрен" операциялары халықтың қолдауымен сенімді және табанды түрде жалғасуда.

Осы аяда Тунджелиде "Эрен-7 Мерджан-Мунзур" операциясы басталды. 

Операцияға Туджели провинция Жандармерия қолбасшылығына қарасты жасақтар, жандармерия арнайы күштері, полиция арнайы жасақтары және қауіпсіздік қорғаушыларынан құралған 1062 қызметкер қатысуда. 

"Эрен" операциялары аясында осы таңға дейін 3 террорист залалсыздандырылды. 168 үңгір, баспана және  қойма жойылды. Көптеген жарылғыш заттар, оқ-дәрі, ұйымдық құжаттар, медициналық материалдар және азық-түлік тәркіленді.

 



Ұқсас жаңалықтар