Түркия Сауд Арабиясына зымыран шабуылын айыптады
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта елді мекендерге зымыран шабуылы жасалды.
1571701
Түркия Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы азаматтық елді мекенді нысанаға алған зымыран шабуылын қатаң айыптады.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Эр-Риядтың үш күннен бері екінші мәрте зымыран шабуылына нысана болғанына алаңдадық деп көрсетілді.
Мәлімдемеде:
"Риядтағы азаматтық елді мекенді нысанаға алған және Сауд Арабиясы әуе қорғаныс жүйесі тарапынан тосылған зымыран шабуылын қатаң айыптаймыз. Бауырлас Сауд Арабиясына және сауд халқына шынайы тілектерімізді жеткіземіз" деп көрсетілді.
Эр-Рияд аспанында кеше қаланың көптеген жерінен жарылыс дауыстары естілгені хабарланды.
Әлеуметтік ақпарат желісі қолданушылары аспанда залалсыздандырылған бір зымыранның көрінісін бөлісті.