Вакциналардың екінші бөлігі жеткізілді

Қытайдан вакцина жеткізілді.

1570166
Вакциналардың екінші бөлігі жеткізілді

Қытайдан сұраныс берілген коронавирус вакцинасының екінші бөлігін тасыған ұшақ Стамбул әуежайына келіп қонды.

Ковид-19 вакциналарын тасыған Түрік Әуе жолдарының ұшағы Түркия уақытымен сағат 06.15-те Стамбулға келіп қонды.

Қытайдың бас қаласы Пекиндегі әуежайдан кеше түнді көтерілген ұшақ Стамбулға жетіп, вакциналар қоймаға тасымалдана бастады.

Осы ұшақпен он миллион дозаны құрайтын екінші тасымалдың бірінші бөлігі болатын 6,5 миллион доза жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар