"Ғарыштағы күшімізді көрсеттік"

Министр: «5B серігін биылдың ортасында ұшыруды жоспарлап отырмыз» деді.

1570654
"Ғарыштағы күшімізді көрсеттік"

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Түркияның 5A серігі арқылы ғарыштағы болмысы мен күшін әлемге көрсеткенін білдіріп, «5B серігін биылдың ортасында ұшыруды жоспарлап отырмыз» деді.

Әділет және даму партиясының Синоптағы филиалына барған минситр осында қызметтері туралы айтып берді.

Әуеде, құрлықта, теңізде, тіпті ғарышта отандық және жергілікті жобалардың жүзеге асырылғанын меңзеген Караисмаилоғлу: «2020 жылы ірі жобаларды жүзеге асырдық. Солтүстік Мармара автожолы, Анкара – Нигде автожолы мен Самсун- Сивас теміржолы секілді жобалар аяқталды.  2021 жылын да жылдам бастадық. Көмүрхан көпірін бастадық, артынан Түріксат 5A серігін ғарышқа ұшырдық. Маусым айында орбитасына орналасып, Жер шарына қызмет етеді. Ғарыштағы күшімізді әлемге көрсеттік. 5B серігінің жоспарын жасап жатырмыз,  оның да өндірісі аяқталды. Қазір сынақтары жүріп жатыр. Биылдың ортасында ұшыруды жоспарлап отырмыз. 2022 жылы да Türksat 6A серігін ұшырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар