Түркия Украинаға көңіл айтты

Түркия Харьков қаласындағы бір қарттар үйінде шыққан өртте қайтыс болғандар үшін көңіл айтты.

1569106
Түркия Украинаға көңіл айтты

ТР Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Украинаның Харьков қаласындағы қарттар үйінде шыққан өртте көптеген адамның қаза тауып, жарақат алғаны туралы ақпардың қайғы-қасіретпен қарсы алынғаны атап көрсетілді.

«Дос және бауырлас украин халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз» делінген мәлімдемеде өкінішті оқиғада қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтылып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілек білдірілді.

Украинаның Харьков қаласында бір қарттар үйінде шыққан өртте 15 адам қайтыс болып, құтқарылған 11 адам ауруханаға жеткізілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар