Ердоған Түркияны тың белеске көтеру мақсатына тоқталды

Ердоған: "2020 жылы инвестициялар мен бюджетте өте жақсы нәтижеге қол жеткіздік" деді.

1568355
Ердоған Түркияны тың белеске көтеру мақсатына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Ұлы да күшті Түркияны кемелдендіргенге дейін толассыз еңбектенеміз" деді.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған Әділет және даму партиясының кеңейтілген уәлаят төрағалары жиналысына тікелей эфирмен қатысты. 

"Өткен жылы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің көлеңкесінде өткеніне қарамай, инвестициялар мен бюджетте өте жақсы нәтижеге қол жеткіздік" деген Ердоған:

"2021 жылы тіпті үлкен табыстарды жүзеге асыруды мақсат етудеміз" деп көрсетті.

Президент Ердоған:

"Негіздік қызмет инфрақұрылымдарымыздан қорғаныс өнеркәсібіне дейінгі барлық саладағы нысаналарымызды орындай алатын өреге жеткенімізге сенемін" деді.

Режеп Тайып Ердоған:

"Соңғы 18 жылда құрылған мықты инфрақұрылымдар және орнатқан саяси құрылыстары арқылы елімізді жаңа жаһандық өредегі тиісті орнына көтереміз" деп баса дәріптеді.   



Ұқсас жаңалықтар