"Бүгінге дейін ЕО бізге берген уәделерін еш орындаған емес"

Президент Ердоған Түркия-Еуроодақ (ЕО) қарым-қатынастарын журналисттерге бағалады.

1564498
"Бүгінге дейін ЕО бізге берген уәделерін еш орындаған емес"

Президент Режеп Тайып Ердоған бүгінге дейін Еуроодақтың (ЕО) берген уәделерін еш орындамағанын мәлімдеді.

Президент Ердоған Стамбулда журналисттерге мәлімдеме жасады.

Кеше болғандай жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) вакцинасымен байланысты кезкелген болымсыз әсер байқалмағанын түсіндірген Ердоған 28 күннен кейін екінші дозаны ектіретінін білдірді.

Түркия-Еуроодақ (ЕО) қарым-қатынастарына да тоқталған Ердоған «1963 жылдан бері біз Еуроодақпен қарым-қатынастарымызды әрдайым болымды бағытта ұстауға тырыстық. Өкінішке орай Еуроодақ бізге қазірге дейін берген уәделерін орындамады. Қазір болса жаңа бір кезеңде тұрмыз. Өзара келіссөздеріміз тығыз түрде жалғасуда» деді.

Түркияның Ресейден сатып алған S-400 әуе қорғаныс жүйелерін қамтамасыз еткен себепті АҚШ-тың мазасызданғанын атап көрсеткен Ердоған «Біздің қорғаныс өнеркәсібіне бағыттап басатын қадамдарға ешбір мемлекет шешім қабылдай алмайды. Бұл толығымен біз қабылдайтын бір шешім. Біз Ресеймен S-400 әуе қорғаныс жүйесінің 1-ші пакетін алған едік. Екінші пакеттің дайындығы жалғасуда. Айдың соңына дейін Ресеймен келіссөздеріміз жалғаспақ. Байден әкімшілігінің бұл тұғырда не ойлағанын біле алмаймыз. Біз айтатын бір-ақ нәрсе бар. Қорғаныс саласында қадамдарымызды бір жерден рұқсат алып баспаймыз. Біз НАТО елі ретінде НАТО-да одақтас болған бір елдің бізге бағыт беруін еш қабылдамаймыз» деді.

Түркия F-35 әскери ұшағының ақшасын төлегенмен АҚШ-тың аталмыш ұшақтарды әлі бермегеніне назар аударған Ердоған «АҚШ-тың одақтас бір ел ретінде бізге жасағаны үлкен қателік. Кездесулер жасалған соң Джо Байденнен одан жақсы бір ұстаным ортаға қоюын күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар