Вакцина егілген кісі саны 100 мыңнан асты

Фахреттин Кожа вакцина егілген денсаулық сақтау қызметкерлерінің саны тіркелген "https://covid19asi.saglik.gov.tr/" парақшасын бөлісті.

1563714
Вакцина егілген кісі саны 100 мыңнан асты

Түркия Дәрі және Медициналық жабдықтар ұйымы тарапынан зерттелгеннен кейін "Жедел қолданылуы мақұлданған" CoronaVac вакцинасы денсаулық сақтау қызметкерлеріне егіле бастады. 

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа вакцина егілген денсаулық сақтау қызметкерлері санының 100 мыңнан асқанын жариялады.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік желіден Түркия Дәрі және Медициналық жабдықтар ұйымы тарапынан зерттелгеннен кейін "Жедел қолданылуы мақұлданған" және денсаулық сақтау қызметкерлеріне егіле басталған CoronaVac вакцинасына байланысты мәліметтерді бөлісті.

Министр Кожа:

"Қазірге дейін 1-ші доза вакцина егілген денсаулық сақтау қызметкерлері саны 100 мыңнан асты. Түркия вакцина бағдарламасын атқаруда мықты негізге ие. Осы күшке сенген, қолдаған баршаға алғыс айтамын" деді.

Фахреттин Кожа вакцина егілген денсаулық сақтау қызметкерлерінің саны тіркелген "https://covid19asi.saglik.gov.tr/" парақшасын бөлісті. 



Ұқсас жаңалықтар