Иракта ДАИШ-тік 7 террорист өлтірілді
Киркук қаласында ДАИШ-ке қарсы басталған операцияда 7 террорист залалсыздандырылды.
1562484
Ирактың Киркук қаласы ауылдық аймағында террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы басталған операцияда 7 террорист залалсыздандырылды.
Киркуктің оңтүстігіндегі Хавидже ауданы маңында террор ұйымы ДАИШ-ке бағыттап операциялар басталды.
АҚШ басшылығындағы Халықаралық коалиция күштері әуеден қолдау берген операцияларда Шай алқабы маңында ДАИШ террор ұйымына тиесілі 2 баспана жойылып, 7 террорист залалсыздандырылды.
Аймақтық Ирак күштері де қатысқан операцияның тағы екі күнге созылатыны білдірілді.