"Ерен операциялары" басталды

Сойлу биыл мемлекет ішінде жалғасатын террор операцияларына енді шейіт Ерен Бүлбүлдің атының берілгенін хабарлады.

1562111
"Ерен операциялары" басталды

Ішкі істер министрлігі "Йылдырым операцияларының" 10 қаңтарда тамамдалғанын, Ерен Бүлбүлдің құрметіне "Ерен операцияларының" басталатынын жариялады. 

Министрлік тарапынан жасалған мәлімдемеде басталған "Ерен-1 Тендүрек операциясында" 1 мың 71 қауіпсіздік қызметкері мен 72 арнайы жасақтарының міндет атқарғаны білдірілді. 

"Йылдырым операциялары" аясында болса 153 террористтің залалсыздандырылғаны, сондай-ақ 707 үңгір, баспана және қойманың күйретілгені баяндалды. 

Операцияларға 2016 жылы 15 шілдеде Фетуллахшы террор ұйымы тарапынан ұйымдастырылған опасыз төңкеріс әрекетінде шейіт болған Халил Ибрахим Йылдырымның аты берілген еді. 

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу биыл да мемлекет ішінде жалғасатын террор операцияларына енді шейіт Ерен Бүлбүлдің атының берілгенін хабарлады. 

Министр Сойлу твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде "Террор ұйымына осы қыста тыныштық бермейтінімізді айтқан едік. Шейітіміз Ерен Бүлбүлдің рухы бізге күш-қуат беруде. Ерен операцияларын Тендүректен бастадық" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар