Чавушоғлу Пәкістанға барады

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу 13-14 қаңтар аралығында Пәкістанға ресми сапар жасайды.

1561710
Чавушоғлу Пәкістанға барады

Мәвлүт Чавушоғлуның Пәкістан сапары аясында өткізілетін кездесулерде екі ел қарым-қатынастары жан-жақты қолға алынады. Сонымен қатар аймақтық және халықаралық тақырыптарда пікір алмасады.

Кездесулерде 7-ші Түркия-Пәкістан Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық жиналысына байланысты дайындықтар талқыланады. 

Сапар аясында Түркия-Пәкістан-Әзербайжан үштік сыртқы істер министрлері екінші отырысы өткізіледі. 

Чавушоғлу сапарында Түркияның Карачи Бас консульдығының жаңа ғимаратының беташары өткізіледі. 

 



Ұқсас жаңалықтар