ТҰҰМ төрағасы Индонезияға көңіл айтты

Мәжіліс төрағасы Шентоп апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағында қаза тапқандар үшін Индонезия халқына көңіл айтты.

1560635
ТҰҰМ төрағасы Индонезияға көңіл айтты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Индонезияда құлаған жолаушылар ұшағында қаза тапқандар үшін Твиттерден көңіл айту жеделхаты жариялады.

Шентоп әлеуметтік медиа парақшасынан жасаған мәлімдемесінде «Индонезияда бір жолаушылар ұшағының құлауы салдарынан көптеген адам қаза тапқанын күйзеліспен үйрендім. Апатта қаза тапқандарға Алланың рақымын тілеймін, қайғылы туыс-тамырлары мен бауырлас Индонезия халқына көңіл айтамын» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса индонезиялық әріптесі Ретно Марсудимен телефонда сөйлесті.

Чавушоғлу Марсудиге ұшақ апатына орай көңіл айтты.

Индонезияда Сривижая әуекомпаниясына тиесілі «SJ182» нөмірлі ұшақтың, 12 экипаж және 50 жолаушысымен бас қала Джакартаның солтүстік су айдынындағы Лаки және Лансанг аралы арасындағы аймаққа құлағаны жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар