Албания премьер-министрі келеді
Түркия мен Албания арасындағы екі жақты қатынастар жан-жақты қолға алынады.
1557810
Албания премьер-министрі Эди Рама президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен ертең Түркияға келеді.
Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда, кездесулер 6-7 қаңтар күндері өткізіледі. Түркия мен Албания арасындағы екі жақты қатынастар жан-жақты қолға алынады, ынтымақтастық үшін басылатын қадамдар талқыланады.
Кездесулерде сонымен бірге аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша көзқарас алмасылады.