Президент Ердоғанның 2021 жылы құттықтауы

Президент Режеп Тайып Ердоған 2020 жылын бағалады.

1555590
Президент Ердоғанның 2021 жылы құттықтауы

Президент Режеп Тайып Ердоған жылсайын болғандай 2021 жылы да нысаналарына табандылықпен жету үшін әрдайым талпынатындарын және Түркия үшін әлі көп жұмыс істейтіндерін білдірді.

Президент Ердоған өзінің Twitter парақшасынан жариялаған хабарламада коронавирустың ықпалында өткен 2020 жылы әсіресе денсаулық сақтау саласынан бастап, көптеген салаларда құнды жобалар мен қызметті түрік ұлтына ұсынғандарын мәлімдеді.

Жыл сайын болғандай 2021 жылы да нысаналарына табандылықпен жету үшін әрдайым талпынатындарын баса айтқан Ердоған «Түркия үшін әлі көп жұмыс істейміз» деді.

Ердоған «2020 жылы не істедік?» тақырыпты хабарламасында «егілген 40 миллион терек/ағаш», «Президенттік Ұлттық кітапхана», «Айя-София мешіті», «Қаратеңізде ашылған 405 миллиард текше метр табиғи газ», «ресми сапарлары», «құрылымдар», «фабрикалар, кәсіпорындар мен станциялар», «ауруханалар», «қатынас саласы», «бөгеттер мен суару жобалары», «технологиялық жобалар», «мәдениет пен өнер», «ел көлеміндегі зияраттар мен саяхаттар», «әлеуметтік және сауда-саттық қолдаулар мен жәрдемдер» және экспорт туралы мағлұматтарды бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар