Террормен күресу табандылықпен жалғасады

Қорғаныс және қауіпсіздік тақырыптарына байланысты қорытынды жасаған министр Акар террормен күресуде табысты болғанын жеткізді.

1554532
Террормен күресу табандылықпен жалғасады

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар осы жыл бойынша мемлекет іші және шекара тысында жүргізілген 200-ден астам операцияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 3 мың 646 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді. 

Ұлттық қорғаныс министрі Акар басшылығында Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер, Қарулы күштер қолбасшылары және министр орынбасарларының да қатысуымен кеше видеоконференция арқылы жылдық қорытынды жиналысы өткізілді. 

Қорғаныс және қауіпсіздік тақырыптарына байланысты қорытынды жасаған министр Акар террормен күресуде табысты болғанын жеткізді. 

Акар "Осы жыл бойынша мемлекет ішінде және шекара тысында жиыны 200-ден астам операция жасадық. Жүргізілген табысты операциялардың нәтижесінде мемлекет іші және шекара тысында жиыны  3 мың 646 террорист залалсыздандырылды. Залалсыздандырылған террористтердің ішінде ұйымның ауыз жүзіндегі басшылары да бар. Осылайша 2015 жылы 24 шілдеден осы таңға дейін жүргізілген операцияларда залалсыздандырылған террорист саны 30 мың 416 болды" деген сөздер қолданды. 

Министр Акар террормен күресудің табандылықпен жалғасқанын атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар