Министр Чавушоғлу Ресейде

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу Түркия-Ресей ортақ стратегиялық жоспарлау тобы 8-ші жиналысына қатысу үшін Ресейге барды.

1553922
Министр Чавушоғлу Ресейде

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде "Түркия-Ресей ортақ стратегиялық жоспарлау тобы 8-ші жиналысына қатысу үшін  Ресейдің Сочи қаласына келдік" деген сөздер қолданды. 

Жиналысқа Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров төрағалық жасайды. 

Сыртқы істер министрлігінен жиналыс қарсаңында жасалған мәлімдемеде "Ортақ стратегиялық жоспарлау тобы жиналысында екі ел қарым-қатынастарымен қатар аймақтық және халықаралық оқиғалар жайлы пікір алмасады. Жиналыс аяғында Түркия Республикасы мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі арасында 2021-2022 жылғы ақылдасу жоспарына қол қойылады" деген сөздерге орын берілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар