Қар көшкінінде шәйіт болған 2 әскердің мәйіті табылды

Хаккаридің Шемдинли ауданында қар көшкіні астында қалған 2 әскердің мәйіті табылды.

1553139
Қар көшкінінде шәйіт болған 2 әскердің мәйіті табылды

Ауданда қалың қар салдарынан жабылған әскери базаға барған автожол әскери техникалық көліктерімен ашылды. Қар көшкіні болған аймаққа жеткен жасақтар көшкен қардың астынан шәйіт болған екінші әскердің мәйітін шығарды. Аймақта іздеу құтқару жұмыстары нәтижесінде кеше де бір әскердің мәйіті табылған болатын.

Пилотсыз ұшақтар қолданылған іздестіру жұмыстарына Хаккари, Ван және Эрзурум қалаларындағы Апат және төтенше жағдайлар топтарына қоса, Жандармерия іздеу құтқару тобы, арнайы жасақтар және шекара жасақтары да қатысты.

Іздеу төбеттері қолданылған жұмыстарда қар астындағы екінші әскердің мәйітінің бүгін азанда табылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар