Чавушоғлу Шейх Хасинамен кездесті

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасинамен кездесті.

1551069
Чавушоғлу Шейх Хасинамен кездесті

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде Бангладеште премьер-министр Шейх Хасинамен кездескенін білдірді. 

Министр Чавушоғлу "Премьер-министр Шейх Хасинаға Президент Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткіздім. Елшілік ғимаратының салынуына жәрдем бергендері үшін алғыс айтамын. Оңтүстік Азияның жарқыраған жұлдызы Бангладеш"Қайтадан  Азия" талпынысымыздың ең маңызды одақтарының бірі" деді. 

Мәлімдемесінде Түркияның жан-жақты бір саяси тұғыры болған "Қайтадан Азия" ішінде Түркия мен Азия елдері арасында сауда, инвестиция, білім беру, қорғаныс өнеркәсібі, технология, мәдениет және саясат салаларында диалогтың арттырылуының өте маңызды екенін түсіндірген Чавушоғлу "Қайтадан Азия тұғыры арқылы Түркияның қаржылай жәрдемдерінің түрлендірілуі, жеке сектордың сауда деңгейінің кеңейтілуі, ғалымдар арасындағы ынтымақтастың дамытылуы және әлеуметтік ықпалдастың арттырылуы көзделуде. Бангладеш түрлі экономикасы және жастарының көптігімен Түркияның Қайтадан Азия талпынысындағы ең маңызды ортақтарының бірі болуда" деген сөздер қолданды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар