Сыртқы істер министрі Индонезияда
Чавушоғлу президент тарапынан қабылданды.
ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Индонезия президенті Джоко Видодо және Қорғаныс министрі Прабово Субиантомен бас қосты.
Чавушоғлу ресми сапармен Индонезияға барып, президент Видодо тарапынан қабылданғанын білдірді. Видодоға президент Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізген министр: «Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің алғашқы жиналысы келесі жылы президенттің сапары барысында өткізіледі. Оңтүстік Шығыс Азияда маңызды серік, дос және бауырлас Индонезиямен қарым-қатынастар барлық салада дамып келеді» деді.
Чавушоғлу артынан Индонезия Қорғаныс министрі Субиантомен кездесті. Субиантоның соңғы бір жылда Түркияға бес рет келгенін еске салған Чавушоғлу: «Қорғаныс өнеркәсібінде ынтымақтастықты нығайта түсеміз. Қорғаныста ынтымақтастық келісіміне жақында қол қоямыз» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.