Ердоғаннан АҚШ-қа "СААТЗ" санкциясы наразылығы

АҚШ-тың НАТО одақтасы Түркияға қарсы санкция қадамына президент Ердоған наразылық көрсетті.

1543831
Ердоғаннан АҚШ-қа "СААТЗ" санкциясы наразылығы

Президент Режеп Тайып Ердоған «Санкциялар арқылы Американың қарсыластарына қарсы тұру заңы» (СААТЗ) деген жағдаймен Түркияны бетпе-бет келтіруі НАТО-дағы аса маңызды ортағына жасалған бір құрметсіздік» деді.

Ердоған Әзербайжан сапарынан оралған кезде журналисттерге мәлімдеме жасады.

Президент Ердоған АҚШ-тың Түркияға бағытталған қауіптер тақырыбында «Түркия НАТО-ға мүше бір ел. АҚШ-та НАТО мүшесі. НАТО-ның алғашқы 5 елі арасында Түркияның маңызы ортада. Яғни жай бір мемлекет емес. Әрі құрметті Трамп кезеңінде, әрі құрметті Обама кезеңінде әрдайым мақтанышпен «Түркия сияқты бір НАТО еліне иеміз» деген кезде, қазір АҚШ-тың «СААТЗ» деген бір оқиғамен Түркияны бетпе-бет қалдыруы, алдымен НАТО-дағы аса маңызды бір ортаққа жасалған құрметсіздік» деді.

Президент «АҚШ-та міндет тапсыру рәсімінен кейін жағдайды одан нақты көретін боламыз. Сол үшін біз сабыр сақтап көреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар