Ердоған ертең Әзербайжанға барады

Президент Ердоғанның Баку сапары екі күн жалғасады.

1541669
Ердоған ертең Әзербайжанға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған ертең Әзербайжанға барады. 

Ердоған Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен Қарабахтағы атыстың тоқтатылуынан кейін алғаш рет бас қосады.

Президент Ердоғанның Баку сапары екі күн жалғасады. Өткізілетін кездесулерде әрі екі ел арасындағы қарым-қатынастар, әрі Қарабахтағы соңғы жағдай қолға алынады. 

Кездесулерде сонымен қатар Түркия және Әзербайжанның бірге басатын қадамдары да талқыланады. 

 



Ұқсас жаңалықтар