"Батыспен аймақтық саясаттымызда келіссөз жүргізбейміз"

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф мәлімдеме жасады.

1541727
"Батыспен аймақтық саясаттымызда келіссөз жүргізбейміз"

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф өз елінің батыспен аймақтық саясаттарда келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді.

Зариф Твиттер парақшасынан жасаған хабарламасында АҚШ-тан Иранмен ядролық келісімге оралмай тұрғанда Тегеранның аймақтағы күшін шектейтін жаңа бір келісім жасалуын талап еткен Араб елдеріне үн қатты.

«Батыспен аймақтық саясаттымызда келіссөз жүргізбейміз, мәселенің негізі олардың олардың араласуы» деген Зариф Иранның Парсы шығанағындағы көршілерімен бас қосып келіссөз жүргізуге дайын екенін атап көрсетті.

Ядролық келісімнің тараптары Ұлыбритания, Франция және Германия міндетке келетін Джо Байден басшылығындағы АҚШ пен Иранды аймақтық саясаттар мен баллистикалық зымыран бағдарламасын да шектейтін ядролық келісімді қайтадан талқылауға шақыруда.

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) және Бахрейн сияқты араб елдері Байден өз елінің Иранмен ядролық келісімін қайта күшіне енгізгенше өз мәселелерінің алдымен шешімін қалайды.



Ұқсас жаңалықтар