Түркиядан "Бейбітшілік бұлағы" аймағына қолдау

Сириядағы бейбіт тұрғындарға Түркия жасаған гуманитарлық жәрдемдер жалғасуда.

1540647
Түркиядан "Бейбітшілік бұлағы" аймағына қолдау

Түркияның Сириядағы «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағындағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық жәрдемдері жалғасуда.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі ресми Twitter парақшасынан жариялаған мәлімдемеде   Түркияның сириялықтарға гуманитарлық жәрдемдерін жалғастыратыны атап көрсетілді.

Түрік сарбаздарының аймақ халқына көрсеткен көмегі фотосуреттермен көрсетілген мәлімдемеде «Батыр әскерлеріміз аймақты террордан тазалап, (2019 жылдың қазан-қараша айларында) халықты террористердің қысым және зорлық-зомбылығынан құтқарды. «Бейбітшілік бұлағы» аймағындағы қазір мұқтаждарға жәрдем материалдары жеткізілуде» делінді.



Ұқсас жаңалықтар