Президент коронавирусқа қарсы егілетінін айтты

Президент Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1539703
Президент коронавирусқа қарсы егілетінін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирусқа қарсы жүргізілген вакцина бойынша «Вакцина егуде ешбір проблемам жоқ» деді.

Президент Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ковид-19-ға қарсы жүргізілген вакцина жұмыстары туралы айтылған кезде «Сіз де ектіресіз бе?» деген сұраққа президент: «Қытай тысында Ресеймен де келіссөздер жүріп жатыр.  Осы тақырыпқа байланысты менің ектіруде ешбір проблемам жоқ. Денсаулықты сақтау үшін, қорғау үшін не керек болса,  жасау керек. Коронавирус тақырыбында азаматтарға үлгі болу үшін осындай қадам басуымыз керек. Азаматтарымыздың барлығы осы бәледен құртылсын деп тілейміз» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар