Ердоған мен Рухани телефонда сөйлесті

Ердоған ирандық ғалым Мухсин Фахризаденің өлімі үшін бауырлас Иран халқы мен Фахризаденің отбасына көңіл айтты.

1539216
Ердоған мен Рухани телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған және Иран мемлекет басшысы Хасан Рухани телефонда сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағандаТүркия-Иран қарым-қатынастарын күшейтетін қадамдар бағаланған әңгіме барысында аймақтық жаңалықтар қолға алынды.

Президент Ердоған әңгіме барысында опасыз қастандық жасалған ирандық ғалым Мухсин Фахризаденің өлімі үшін бауырлас Иран халқы мен Фахризаденің отбасына көңіл айтты.

Ердоған қастандықтың уақытына назар аудара отырып, бұл шабуылдың аймақтағы бейбітшілік пен тыныштықты нысанаға алғанын, дегенмен аймақты тұрақсыздандырғысы келгендердің арманын тағы бір рет теріске шығаратынына сенгенін тілге тиек етті.

Таулы Қарабах дағдарысында жаңа бір кезеңнің басталғанын атап айтқан Президент Ердоған Әзербайжанның территориялық тұтастығы мен егемендігіне көлеңке түсіретін кез-келген әрекеттен бас тарту керек екенін білдірді. Ердоған мұқият болудың өте маңызды болғанын еске сала отырып, бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатудың жаңа мүмкіндіктер ашатынын, мұның Арменияға қоса аймақ елдеріне пайда әкелетінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар