Катармен әскери қарым-қатынастар нығайып келеді

Бас штаб басқармасының кадрлар бөлімінің бастығы генерал майор Селчук Байрактароғлу Катарға барды.

1538636
Катармен әскери қарым-қатынастар нығайып келеді

Бас штаб басқармасының кадрлар бөлімінің бастығы генерал майор Селчук Байрактароғлу Катар Бас штаб басқармасы төрағасы Ганим ибн-Шахин әл-Ганиммен бас қала Дохада бас қосты.

Катар ресми ақпараттық агенттігі QNA-ға қарағанда ресми байланыстар аясында Дохаға сапарлай барған Селчук Байрактароғлу Катар Бас штаб басқармасы төрағасы Ганим ибн-Шахин әл-Ганиммен бас қосты.

Әскери қолбасшылар Катар мен Түркия арасындағы өзара әскери қарым-қатынастарын және бұл ынтымақтастықты жетілдіру жолдарын қолға алды.

Кездесуге Катар Қару күштерінің ең жоғарғы деңгейдегі лауазымдылары қатысты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Катар-түрік бірлескен күштер қолбасшылығында міндет атқарған түрік қызметкерлерінің Катар арнайы жасақтар қолбасшылығы десанттарын жаттықтырғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар