Түркияда бір тәулікте 177 адам қайтыс болды

Ауруханадан сауығып шыққан науқас адам саны 3 мың 845 кісі болды.

1535766
Түркияда бір тәулікте 177 адам қайтыс болды

Түркияда коронавируспен күрес сақтық шараларымен жалғасып жатыр. 

Бүгін бір тәулікте 177 адам қайтыс болды.

Коронавирус індеті басталған күннен бері қайтыс болған жалпы адам саны 13 мың 191 кісіге көбейді.

Бір күнде 171 мың 113 сынама жасалып, 6 мың 592 жаңа науқас тіркелді.

Күндік вируспен жұғымдалу саны 29 мың 845 кісіге жетті.

Ауруханадан сауығып шыққан науқас адам саны 3 мың 845 кісі болды. 

Коронавирустан жалпы сауыққан адам саны 392 мың 616-ға көбейді. 



Ұқсас жаңалықтар