Медицина және аурухана тұрғысынан қиыншылық жоқ

Президент Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1535551
Медицина және аурухана тұрғысынан қиыншылық жоқ

Президент Режеп Тайып Ердоған коронавируспен күресте инфрақұрылым және ауруханалар тұрғысынан қиыншылық жоқтығын айтты.

Президент Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді. Коронавирус сақтық шараларына тоқталған президент: «Ғылыми кеңес барлық дайындық жұмыстарын жүргізуде. Маска,  қашықтық және гигиена біз үшін өте маңызды.  Осыларға көңіл аудармасаңыз, вирус жұқтыру оқиғалары арта түседі. Сондықтан сақтық шараларын арттыру керек болады» деді.  «Инфрақұрылым жағынан мәселе жоқ.  Ауруханалар тұрғысынан қиыншылық жоқ.  Вирус жұқтыру санының артуы мен өлім-жітімнің артуына қайғырамыз» деді ол.

Президент вакцина жұмыстарына да тоқталды. «Вакцина сатып алу тақырыбында келіссөздер жүріп жатыр. Құрметті президент Путинмен де сөйлестім. Денсаулық сақтау министрлігі де Қытай Денсаулық сақтау министрлігімен келіссөз жүргізіп жатыр» деді ол.

Активтер фондына байланысты Ердоған: «Активтер фондының ресми төрағасы –мен. Бұдан бұрынғы қабылданған шешімдерді жалғастыра береміз. Алдымыздағы кезеңге байланысты Активтер фондын жаһандық деңгейде ерекше орынға лайықтағымыз келеді. Катар әмірінің Түркияға сапары - басылған қадамдардың бірі» деді.

Қаратеңізді Мәрмәр теңізіне байланыстыратын Канал Стамбул жобасы жөнінде де мәлімет берген Ердоған: «Канал Стамбул жобасының жоспары дайын.  Сонымен бірге техникалық жақтары да дайындалды. Енді тек тендер қалды. Инвестициялар тоқтамайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар