Түркия-Катар қарым-қатынасы дамуда

Анкарада "Түркия-Катар жоғарғы стратегиялық комитеті алтыншы жиналысы" өтуде.

1534934
Түркия-Катар қарым-қатынасы дамуда

Түркия мен Катар арасында түрлі салада дамыған екі жақты қарым-қатынастар аясында ұйымдастырылған "Түркия-Катар жоғарғы стратегиялық комитеті алтыншы жиналысы" астана Анкарада өтуде. 

Жиналысқа президент Режеп Тайып Ердоған мен Катар Әмірі Шейх Тәмім ибн-Хамед Әл-Сани төрағалық жасауды. 

"Түркия-Катар жоғарғы стратегиялық комитеті алтыншы жиналысы"  үшін Түркияға келген Катар Әмірі Шейх Тәмім ибн-Хамед  Әл-Сани президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан салтанатты түрде қарсы алынды. 

Рәсімнен кейін оңаша кездескен Ердоған мен Әл-Сани  енді делегациялар арасы кездесулерде бас қосады. 

Екі лидер кездесулер тамамдалғаннан кейін түрлі саладағы келісімге қол қояды. 

Президент Ердоған мен Әл-Сани соңғы 70 айда 18-ші саммитті өткізді. Бұл жағдай екі ел қарым-қатынастары тұрғысынан өте маңызды. 

 



Ұқсас жаңалықтар