Сойлу террормен күресу жайлы мәлімдеме жасады

Министр Сойлу мемлекет ішіндегі террорист санының 320-ға дейін кемігенін білдірді.

1534697
Сойлу террормен күресу жайлы мәлімдеме жасады

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Түркияның террормен күресуде алғаш рет көздеген нысанаға жетуге аз қалғанын білдірді. 

Ішкі істер министрі Сойлу Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде министрліктің бюджеті жайлы мағлұмат беру барысында биылғы операцияларда 809 террористтің залалсыздандырылғанын түсіндірді. 

Министр Сойлу мемлекет ішіндегі террорист санының да 320-ға дейін кемігенін білдірді. 

Сүлейман Сойлу сонымен қатар 76-сы үлкен, 307-сы орташа және 99 мыңы ауылды жерде, 2900-ы қалаларда болып, жиыны 102 мың ішкі қауіпсіздік операция жасалғанын баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар