Заңсыз түрде түрік кемесін тінтті

Түркия халықаралық ұйымдарға шағымданады.

1532711
Заңсыз түрде түрік кемесін тінтті

Грек қолбасшы басқарған «Ирини» операциясында қызмет атқарған неміс фрегаты Түркиядан Ливияға азық-үлік тасыған кемені тоқтатып, халықаралық құқыққа қайшы түрде тінтті.

Алынған мәліметке қарағанда, түрік кемесі гуманитарлық көмек материалдарын Стамбулдан тиеп, Ливияға қарай жол тартты.

Кемені түнде Грекия Теңіз күштерінің бір қолбасшысы басқарған операцияда міндет атқарған неміс фрегаты тоқтатты.  Мора түбегінің оңтүстік батысында халықаралық құқыққа қайшы түрде тінтті.

Теңіз заңдарына қарағанда кемелерде тінту жүргізу үшін сол кеменің елінен рұқсат алу керек.  Түркиядан рұқсат алмастан «Гамбург» фрегатының қызметкерлері кемеге тікұшақтан түсті. Тікұшақтан түскендерді және «Гамбург» фрегатының қозғалысын кеме қызметкерлері түсіріп алды.

Кемені тоқтатып,  жолына кедергі болған әскерлер Түркияның рұқсатынсыз тінту жүргізді. Таңға дейін жалғасқан тінтуде әскерлер кемеде гуманитарлық көмек материалдарынан басқа нәрсе болмағанын анықтап, кемеден кетті.

Түрік кемесі Мисрата портына қарай жолын жалғастырды.

Түркия осы оқиғаға байланысты халықаралық ұйымдарға шағымданады.



Ұқсас жаңалықтар