Ердоған індет процесінен табыспен өткенімізді айтты

Ердоған: "Барлық қиындықтарға қарамай індет процесін дамыған елдерден жақсы басқарғанымыз айқын" деді.

1530895
Ердоған індет процесінен табыспен өткенімізді айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Түркия жаңа жаһандық, саяси және экономикалық тәртіпте күші мен әсер ететін алаңын  кеңейту үшін барлық орайға, мүмкіндікке және инфрақұрылымға ие" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбұлда Түркия Экспортшылар Мәжілісі делегациясын қабылдаған кездегі сөзінде жаңа типті коронавирус індетінің Еуропаны қамтыған күллі әлемде болғанындай Түркияны да қинағанын көру және түсіну керек екенін айтты.

Ердоған былай деді:

"Барлық қиындықтарға қарамай індет процесін дамыған елдерден жақсы басқарғанымыз айқын. Ұлтымыздың денсаулығы мен экономикамыздың қажеті арасындағы ең ыңғайлы тепе-теңдікті табу арқылы жолымызды жалғастырдық. Жаһандық, саяси және экономикалық күш теңдігінде ғасырлық бір өзгерістен өткенімізді барша қабылдап отыр. Демократияны, әділет пен еркіндікті, құқықты күшейту жолымен инвестицияларды жандандырамыз, экономикамызды өсіріп, жұмысқа орналастыруды арттырамыз."



Ұқсас жаңалықтар