Ұлттық Қорғаныс министрі Ауғанстан Жоғары кеңес басшысымен бас қосты

Кездесуде Түркия мен Ауғанстан арасындағы ынтымақтастық шаралары қолға алынды.

1530653
Ұлттық Қорғаныс министрі Ауғанстан Жоғары кеңес басшысымен бас қосты
akar abdullah.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ауғанстан Ұлттық жоғары кеңесі төрағасы Абдуллах Абдуллахты қабылдады.

Сыртқы істер министрлігінде жүзеге асқан кездесудің артынан Твиттер парақшасынан хабарлама жасаған Чавушоғлу Абдуллахпен Ауғанстан бейбітшілік кезеңіндегі жаңалықтарды қолға алғандарын білдірді.

Чавушоғлу «Өзінің бұл процестегі талпыныстарын қолдаймыз. Еліміздің дос және бауырлас ауған халқының бейбітшілік талабына мықты қолдауымыз жалғасады» деді.

Кездесудің артынанҰлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар да Ауғанстан Ұлттық жоғары кеңесі төрағасы Абдуллах Абдуллахпен бас қосты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда министрлікте жүзеге асқан кездесуде Ауғанстандағы соңғы жағдай және жаңалықтар қолға алынды.

Министр Акар кездесу барысында Түркияның Ауғанстандағы бейбітшілік талпыныстарына берген қолдауды еске салып, бұдан кейінде қолдаудың жалғасатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар