PKK/YPG-лік 6 террорист қаруларымен бірге залалсыздандырылды

Сирияда «Евфрат қалқаны» аймағында PKK/YPG-лік 6 террорист залалсыздандырылды.

1529926
PKK/YPG-лік 6 террорист қаруларымен бірге залалсыздандырылды

Сирияда «Евфрат қалқаны» аймағына дәндеп енуге әрекет жасаған PKK/YPG-лік 6 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Тыныштық пен сенімді ортаны бұзу үшін «Евфрат қалқаны» операциялық аймағына кіруге әрекет жасаған PKK/YPG-лік 6 террорист қаруларымен бірге залалсыздандырылды» делінді.

Сирия шекарасынан заңсыз жолмен босқын отбасылардың арасына жасырынып елге кірген және террор ұйымы атынан үлкен қалаларда шабуылдар жоспарлаған сириялық 3 террорист Мардинде ұсталды.

Террористтер өткен Сирия шекарасындағы аймақта іздестіру жұмыстары жүргізген қауіпсіздік күштері пакет ішіне жасырынған құбыр бомбасы тапты. Террористтер сот шешімімен тұтқындалды.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда жалғасқан көндіру жұмыстары нәтижесінде PKK/KCK-дан қашқан бір террорист Килис те қауіпсіздік күштеріне берілді.

Террористің 7 жылдан бері ұйымға мүше екені атап көрсетілді. көндіру жұмыстары нәтижесінде биыл террор ұйымы PKK/KCK-дан қашқан Түркияға берілгендер саны 203-ке ұласты.



Ұқсас жаңалықтар