Орыс делегациясы Анкарада
Ресейдің 20 кісілік делегациясы Сыртқы істер министрлігі делегациясымен бас қосты.
Орыс делегациясы Қарабахтағы ортақ бақылау мен тексеру орталықтарының жағдайын талқылау мақсатымен Анкараға келді.
20 кісілік делегация Сыртқы істер министрлігі делегациясымен бас қосты. Кездесулер Ұлттық Қорғаныс министрлігінде жалғасуда.
Кездесулерде Түркия мен Ресей бітімге келген Ортақ тексеру мен бақылау орталықтарының құрылу барысы қолға алынады.
Осы аяда әдістемелі және техникалық жақтан қайсы елдің қай жерде тұратыны, қанша кісі болатыны және не істейтіндері анықталады.
Түркия осы барыста атысты тоқтатутың түбегейлі болуы және ешкімнің құқығының аяқ-асты етілмеуі үшін талпынады.
27 қыркүйекте Әзербайжан территориясында азаматтарға шабуыл жасаған Армения армиясы Әзербайжан армиясынан жеңілді.
Траптар Ресейдің бітімгерлігімен 10 қарашада атысты тоқтатуға келісті.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық барлау ұйымы 2 қойма, 12 жүк көлігі және 2 танкты жойды
Террор ұйымы PKK/YPG Асад режимінен алынған әскери жабдықтарды иемденді.