"Кануни" кемесі Қаратеңізде жолға шықты

«Кануни» Стамбулда Хайдарпаша портынан Қаратеңізге жолға шықты.

1527175
"Кануни" кемесі Қаратеңізде жолға шықты

Түркияның үшінші бұрғы кемесі «Кануни» Стамбулда Хайдарпаша портынан Қаратеңізге жолға шықты. «Кануни» кемесін шығарып салу рәсіміне Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез де қатысты.

Рәсімде сөз сөйлеген министр Қаратеңізде жүргізілген істерге байланысты: «Фатих» бұрғы кемесі Туна-1-ден кейін Саракия газ кеніндегі Түрікали-1-де жаңа жұмысын бастады.  Қазір 2600 метрге дейін төмендеді.  «Явуз» кемесі де Селчуклу-1-де бұрғыны алты мың метрде аяқтады. Үміт оятатын нәтижелер алдық. Осы аймаққа жақын жерлерде бұрғы жалғасады» деді.

Сакария газ кені ауқымындағы Түрікали-1 құдығы мен осында жүргізілетін сынақтар резервтер жөнінде кең мәлімет беретін болады. Осылайша Түрікали-1 құдығы «Фатих» бұрғы кемесі қазатын алғашқы құдықтардың бірі болады. Ол алаңның техникалық ерекшеліктерінің нақтылануында маңызды рол ойнайды.

«Фатих» кемесі газ анықталған Сакария алаңында құдық ашатын болса,  «Кануни» құдықтың сынақтарын жүргізеді және қажетті мәліметтерді жинайды.

Түркияның Қаратеңіздегі істері шеңберінде барлығы қырық өндіріс құдығы ашылады.



Ұқсас жаңалықтар