"Фатих бұрғылау кемесі" барлауды бастады

Албайрак: "Фатих бұрғылау кемесі" "Түрікали-1" құдығында барлау жұмыстарын бастады.  Қайырлы болсын!" деді.

1522635
"Фатих бұрғылау кемесі"  барлауды бастады

Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак "Фатих бұрғылау кемесінің" "Түрікали-1" құдығында барлауды бастауы жөнінде әлеуметтік желі есебінен  хабар бөлісті.

Берат Албайрак Твиттер есебінен Энергия және Табиғи байлықтар министрі Фатих Дөнмездің:

"Қаратеңіздің жеңімпазы "Фатих кемесі" бұрғыны айналдырды. Дайындық жұмыстарынан кейін "Түрікали-1" құдығында бұрғылау басталады. Бұрғылау 75 күн жалғасады. Берекелі болсын!" деген мәлімдемесін бөлісті.

Албайрак мәлімдемесінде:

"Сапарыңыз ұзын, жеңісіңіз мол болсын! "Фатих бұрғылау кемеміз" "Түрікали-1" құдығында барлау жұмыстарын бастады.  Қайырлы болсын!" деді. 



Ұқсас жаңалықтар