Еуропадан эмпатия күтеміз

Министр Еуропа Кеңесі Министрлер комитетінің 130-шы жиналысында сөз сөйледі.

1521697
Еуропадан эмпатия күтеміз

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу: «Өткен аптада Франция,  екі күн бұрын Венада жазықсыз адамдарды қырған террорлық лаңкестіктерді айыптаймыз.  Сонымен бірге мыңдаған бейбіт азаматты өлтірген PKK терроры үшін де осындай эмпатияның көрсетілуін күтеміз» деді.

Министр видеоконференция арқылы өткізілген Еуропа Кеңесі Министрлер комитетінің 130-шы жиналысында сөз сөйледі.

Чавушоғлу кейбір саясат қайраткерлерінің қате пікірде екенін айтып: «Терроризмнің діні, куәлігі және нәсілі жоқ» деді.

Демократияның негізгі факторларының бірі сөз бостандығына құрмет көрсетілгенін атап көрсетілген Мевлүт Чавушоғлу «Алайда бір діннің ең қасиетті құндылықтарын қорлау сөз бостандығы емес» деді.

Министр Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың «Сөз бостандығы республиканың негізгі іргетастарының бірі болса да,  республика сонымен бірге толеранттық және барлық нанымдарға құрмет көрсетуге сүйенеді. Басқа азаматтардың нанымдарына,  әсіресе діни сенімдеріне зиян келтіретін барлық нәрседен аулақ болу керек.  Сөз бостандығы жауапкершілік рухымен атқарылуы тиіс. Ашуды асқындыратын барлық арандатушылықтарды айыптаймын» деген сөздерін еске салды.

Министр Чавушоғлу: «Еуропада бірге өмір сүру мәдениетін қайта жандандыру керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар