Президент құтқарылған нәресте үшін жазба жариялады

Президент: "Аллаға шүкір. Тез жазылып кет, балақай...» деп жазды.

1520965
Президент құтқарылған нәресте үшін жазба жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Измирдегі жер сілкінісінен 91 сағаттан кейін үйінді астынан шығарылған төрт жасар Айда Гезгин үшін жазба жариялады.

Ердоған Twitter-дегі жазбасында Айданың суретін жариялап: «Ғажайыптың аты- Айда. 91 сағаттан кейін сенің күлген көзіңмен бірге баршамызға бақыт сыйлаған Аллаға шүкір. Тез жазылып кет, балақай...» деп жазды.

Вице-президент Фуат Октай да әлеуметтік желіде: «Сұпсұлу Айда өмірден бас тартпады. Хикметі шексіз, шүкір» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар