Вирустен бүгін 76 кісі қайтыс болды

Түркияда коронавирус індетімен күрес шаралары жалғасты атқарылып жатыр.

1520459
Вирустен бүгін 76 кісі қайтыс болды

Түркияда соңғы бір тәулікте коронавирустан 76 кісі қайтыс болды.

Түркияда Ковид-19 індетінен қайтыс болған адамдардың жалпы саны 10 мың 402 кісіге жетті.

Бір күнде 139 мың 103 сынама жүргізіліп, 2 мың 302 адамның вирусты жұқтырғаны анықталды.

Ауруханадан шыққан мың 520 адамды қосқанда, аурудан айығып кеткен азамат саны 327 мың  7 адамға көбейді.



Ұқсас жаңалықтар