Измирдегі зілзалада 91 кісі қайтыс болды

Измирде 5  ғимаратта құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.

1520384
Измирдегі зілзалада 91 кісі қайтыс болды

Измирдегі жер сілкінісінде қайтыс болғандар саны 91кісіге жетті.

Апат және төтенше жағдай басқармасы жер сілкінісінде қайтыс болған азаматтар санының 91 болғанын,  994 адамның жарақат алғанын,

жаралы азаматтардың 839-ы емделгеннен кейін ауруханадан шыққанын,  155  азамат емделіп жатқанын хабарлады.

Измирде 5  ғимаратта құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.

30 қазан жұма күні Түркия уақытымен сағат 14.51-де Эгей теңізінде Измирдің Сеферихисар ауданының 17 км қашықтығында 6.6 балл жер сілкінісі болған еді.

Зілзаланың 16.54 километр тереңдікте болғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар