Жер сілкінісінде 4 адам қайтыс болды

Президент Ердоған хабарлама жариялады.

1518950
Жер сілкінісінде 4 адам қайтыс болды

Измирдегі жер сілкінісінде алғашқы анықтамаларға қарағанда, төрт адам қайтыс болды.

Апат және төтенше жағдай басқармасы төрт адамның қайтыс болғанын, 120 кісінің жарақат алғанын хабарлады.

Жер сілкінісінде Борнова және Байраклы аудандарындағы кейбір ғимараттар құлады. Байраклы ауданында құлаған бір тұрғын үйден үш адам жаралы күйінде құтқарылды.

Сеферихисар ауданында су жүріп, кейбір көше мен үйлер су астында қалды.

Президент Ердоған Измирдегі жер сілкінісіне байланысты хабарлама жариялады. «Мемлекетіміз барлық мүмкіндіктерімен зардап шеккен азаматтарымыздың жанында болады.  Барлық органдар қозғалысқа өтті» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар