Түркия Франциядағы шабуылды айыптады

Түркия Ницца қаласында жасалған және 3 адам қаза тапқан пышақты шабуылды айыптады.

1518170
Түркия Франциядағы шабуылды айыптады

Түркия Францияның Ницца қаласында жасалған және 3 адам қаза тапқан пышақты шабуылды айыптады.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Түркияның Францияның Ницца қаласындағы "Нотр-Дам де Нис" базиликасында жасалған шабуылды қатаң түрде айыптағанын жариялады.

Министрлік мәлімдемесінде «Шабуылда қаза тапқандардың туыс-тамырларына көңіл айта отырып, жаралыларға жедел шипа тілейміз. Ешбір себеппен бір адамның жанын алуды қабылдауға болмайды. Қасиетті бір ғибадат орнында осы шабуылды жасағандардың дініи, адами, моральдық құндылықтары жоқ екені белгілі» делінді.

Мәлімдемеде Түркияның террордың әртүрімен күресетін және террор шабуылдарынан азаматтары қаза тапқан бір ел ретінде Ницца қаласы тұрғындарынан бастап, француз халқымен террор мен қақтығыстарға қарсы ынтымақтастық жасайтыны білдірілді.

Францияның Ницца қаласында жасалған пышақты шабуылда 3 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар