Президент Ердоған голландиялық саясаткерді сотқа шағымданды

Президент Ердоған Герт Вилдерсті өзін әлеуметтік медиада қорлаған жазулары үшін сотқа шағымданды.

1516671
Президент Ердоған голландиялық саясаткерді сотқа шағымданды

Президент Режеп Тайып Ердоған Голландияда радикал оңшыл Голландия Еркіндіктер партиясының басшысы Герт Вилдерстің өзін әлеуметтік медиада қорлаған жазулары үшін қылмыстық іс қозғады.

Президент Ердоғанның адвокаты Хүсейин Айдын айыптау актінде Вилдерстің хабарламаларының сөз бостандығы аясында бағалауға болмайтынын атап көрсетті.

Вилдерстің әлеуметтік желідегі жазуларында президенттің ар-намысына, абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәлімдемелердің орын алғандығы баса айтылды.

«Президентті қорлау» қылмысы жасалғаны атап көрсетілген айыптау актінде Герт Вилдерске қарсы қоғамдық іс қозғалуы талап етілді.



Ұқсас жаңалықтар