Ердоған мен Татар ортақ баспасөз жиналысы өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік тарапының Кипрде әділ, тұрақты және жалғастырыла алатын бір шешімді жақтағанын білдірді.

1516376
Ердоған мен Татар ортақ баспасөз жиналысы өткізді

Президент Ердоған президент болып сайланған соң алғаш ресми сапарын Түркияға жүзеге асырған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татарменоңаша кездесуінің артынан ұйымдастырылған ортақ баспасөз жиналысында сөз алды. Ердоған «Түркияның Кипрде әділ, тұрақты және жалғастыра алатын бір шешім туралы ұстанымы өзгермеді» деді.

Шығыс Жерорта теңізіндегі қазіргі жағдайға тоқталған президент дағдарыстың жауапкершілігінің 2003 жылынан бері ескертулерді, жасампаз ұсыныстарды назарға алмаған Понти мен гректер екенін атап көрсетті.

Ердоған «Грек жағы Кипр түрік халқын тең құқылы серіктес ретінде көрмегендіктен, олар көмірсутектен түсетін кірісті бөлу үшін ынтымақтастық шақыруын жауапсыз қалдырды» деді.

Понти жағы өз билігінде азсанды ретінде көргісі келетін кипрлік түріктердің тең құқығын заңсыз пайдалануды жалғастыруда. Кипрде қазірдің өзінде екі бөлек халық және олар құрған екі бөлек мемлекет бар» деді.

Татарды сайлау жеңісі себепті тағы бір рет құттықтаған сайлаудың Кипр түрік халқының демократия мәдениетін баршаға паш ететін бір саяси ортада өткенін білдірген президент Ердоған 15 қараша күні СКТР-на ресми сапармен баратынын мәлімдеді.

СКТР президенті Татар болса «Біздің ешкімнің құқығында көзіміз жоқ, бірақ халқымыздың, құқығы мен заңдарының бұзылуына ешқашан риза болмаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар