Қытай вакцинасы желтоқсанда егіледі

Еріктілерге вакцина егу Стамбұл мен Анкара университеттерінің басшылығында жалғасуда.

1515634
Қытай вакцинасы желтоқсанда егіледі

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Қытайда жасалатын вакцинаның желтоқсан айында егіле бастайтынын жариялады.

Қытай вакцинасына бағытталған жұмыстар Анкарада Хажеттепе университеті басшылығында 16 қыркүйекте басталды. Вакцина сынақтары 25 бөлек орталықта жалғасуда.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожаның мәлімдемесіне қарағанда бұл жұмыстардан жақсы нәтиже шықса, егудің желтоқсан айында бастайтынын айтты. Жыл соңынан бұрын 5 миллион доза вакцина егіледі. 

Тек Қытай вакцинасы ғана емес, Германияны орталық етіп жасалған вакцинада да маңызды ілгерлеу болды. Еріктілерге егу Стамбұл мен Анкара университеттерінің басшылығында жалғасуда.

Кездесулер табысты болса, Германия вакцинасы да сыналады. 

Жергілікті вакцина жұмысы да маңызды сатыға келді. Жерлігікті коронавирус вакцинасының сәуір айында дайын болатыны мөлшерленуде.     



Ұқсас жаңалықтар