"S-400 әуе қорғаныс жүйелері сынақтан өткізілді"

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

1514781
"S-400 әуе қорғаныс жүйелері сынақтан өткізілді"

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейден сатып алынған S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің сынақтан сүрінбей өткенін жариялады.

Ердоған Ресейден сатып алған S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің сынақтан өткізілуімен байланысты «Сынақтар өткізілді, өткізу процесі жалғаспақ және бұл тақырыпта АҚШ-тың бізге бағытталған ұстанымы бізді бағынышты қылмайды. Біз қолымыздағы мұндай  барлық мүмкіншіліктерді сынақтан өткізбесек не істейміз? Мұны да АҚШ-қа сұрамыз ба не?  Тек қана S-400 зымыран жүйесі емес, көптеген қарулардың сынақтарын өткіземіз. Бұдан кейін де жалғастырамыз. Грекияның қолында S-300 жүйесі бар. Сынақтан өткізу былай тұрсын, қолдануда. АҚШ олардан мұны талап ете алады ма? Біз табандымыз осылайша мақсаттарымызды жалғастырамыз» деді.

Әзербайжан-Армения арасындағы атысты тоқтату бітіміне назар аударған Арменияның мұның алдында берген уәделерін орындамағанын білдірді.

Екі ел арасында өтетін келіссөздерге Түркияның да қосылуға құқығы бар екенін тілге тиек еткен Ердоған «Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің айтқандарын бір шетке тастау мүмкін емес. Осында Ресей қаншама шешім үшін, бейбітшілік үшін орын алуды ойласа, Түркияның да кем дегенде Ресей шақты орын алуға құқылы екеніне сенемін. Негізінде бұл тақырыпта Ресейдің болымсыз бір ұстанымын қазірге дейін көрген жоқпыз. Ресейдің де Түркия туралы болымсыз бір мәлімдемесі болмады. Қазірге дейін біз Әзерайжан-Армения тақырыбы және басқа да аймақтық мәселелерде, мысалы Сирияда ортақ жұмыстанудамыз. Бұдан кейінгі шешімдерді де табысты қадамдар басып, шешуге ынталымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар